Вторник, Апрель 16, 2024
Басты > Білім > Сырттай оқу тоқтатылды

Сырттай оқу тоқтатылды

Еліміз бойынша 1-ші қаңтардан бастап сырттай оқу тоқтатылды. Алайда осыған дейін сырттай оқуға түскен студенттер дипломдарын  алғанша білімдерін жалғастыра береді. Есесіне қашықтан оқыту технологиясына мән берілмек.

Жоғары  білім беру жүйесіне енгізілген жаңашылдықтар туралы Ақтөбе өңірлік университетінің проректоры түсіндірді. Оның айтуынша, сырттай оқуға және кешкі оқу бөліміне 2019-шы жылдан бастап талапкерлер қабылданбайды.

Мәселен, өңірлік университетте сырттай оқып жатқан 2 мыңға жуық студенттің мыңнан астамы қашықтан оқу технологиясын таңдап, ауысу үшін өтініш білдірген. Оқыту формасының бұл түрі үшін университетте барлық жағдай қарастырылған. Арнайы контент құрылды.

Жоғары білім беру жүйесіне енгізілген тағы бір басты өзгерістің бірі — ұлттық бірыңғай тестілеудің жүргізілу тәртібі. Жаңа ережеге сай, ұлттық тестілеу қаңтардан бастап тамызға дейін 4 рет өткізілетін болады. Оған мектептің кез келген оқушысы қатыса алады.

Венера Серғазина