Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Биылдан бастап сырттай оқуға талапкерлер қабылданбайды

Биылдан бастап сырттай оқуға талапкерлер қабылданбайды

Биылдан бастап сырттай оқу бөліміне талапкерлер қабылданбайды. ЖОО-да кешкі оқыту түрі де болмайды. Олардың орнын қашықтан оқыту жүйесі басады. Білім туралы заңға былтыр шілде айында өзгерістер енгізілді. Соның ішінде ЖОО-ның қызметін реттейтін 56 нормативтік-құқықтық акт қабылданды. Бұл жаңашылдықтар ЖОО-на өз-өздерін басқару еркіндігін береді. 56 нормативтік-құқықтық актіге сүйене отырып қазір елдегі университеттер ішкі академиялық саясатын құрып жатыр. Әр оқу орны өз білім беру процесін, білім беру бағдарламасын жасай алады. Мәселен, білім беру бағдарламасында бұрынғы мамандықтарға енгізілетін таңдау пәндерінің 85 пайызын ЖОО-ы өзі жасақтайды. Бұрынғыдай стандарт жойылды. Типтік оқу жоспарлары да болмайды. Сол секілді сырттай оқыту бөлімі де жойылады. Дистанциялық оқытуды Қ. Жұбанов атындағы АӨМУ-і 2017-ші жылдан бері жүргізіп келеді. 31 мамандық бойынша мың шақты студент қашықтан оқытылуда. Дистанциялық оқыту технологиясы бар. Жұбанов университетінде 13 мың студент білім алып жатыр. Соның екі мыңы сырттай оқу бөлімінде. Олар оқуларын аяқтап шығады. Сырттай оқып жатқан жастардың тең жартысы қашықтан оқуға ауысу үшін өтініш беріп қойған.