Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Ата заң – мемлекеттің айнасы

Ата заң – мемлекеттің айнасы

2017 жылдың 25 тамызында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ғылыми кітапханасында Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған «Конституция-тәуелсіздік тірегі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттік және қоғамдық қатынастарды, азаматтық және адам міндеттерін, бостандығы, негізгі құқығы, сондай-ақ, жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметі мен ұйымдастыру принциптерін реттеуші және бекітуші, барлық заң салаларының заңдық негізі болып табылатын, жоғары құқықтық күшке ие мемлекет пен қоғамның негізгі заңы. Конституция барлық құқықтық жүйенің өзегі болып табылады.

Кітап көрмесінде Қазақстанның құқықтық демократиялық мемлекет ретінде қалыптасуы, мемлекет тарихы мен құқығы туралы, «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы аясында жарияланған басылымдар, 10 томдық Қазақтың Ата Заңдары атты жинақтары, Конституцияның рөлі мен маңызы жайлы баспасөз материалдары және т.б. ұсынылған.

Кітап көрмесі екі апта бойы жұмыс жасайды.