Вторник, Апрель 23, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Жастар жылы басталды

Жастар жылы басталды

2019 жылды мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ресми түрде Жастар жылы деп жариялады. Атаулы жылдың 9 күнін артқа тастадық. Ақтөбелік жастар не тындырды, қандай іргелі істерді қолға алмақшы?  Бүгін аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз  мәслихатында облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы осы жылға жоспарланған 200-ден астам шараның маңыздыларымен таныстырды.

Жастар жылы өңірде 12 бағыт бойынша 200-ден астам ірілі-ұсақты іс-шара өтеді.  Кәсіпкерлікті дамыту, салауатты өмір салтын , отбасы құндылығын насихаттау, діни-құқықтық сауаттылықты арттыру бағытында жұмыстар жүргізіліп, әлеуметтік осал топтарға көмек көрсетіледі. Жылдың ең басты жаңалығы- Ақтөбеде бұрын-соңды болмаған «Жастар ордасын» салу.

Ақтөбе- ерікті жастардың қаласы. Аймақта 1000-нан аса жастың басын қосқан 20-дан астам волонтерлік ұйым жұмыс істейді. Осы жылы өңірде халықаралық еріктілер форумын ұйымдастыру ойда бар. Сондай-ақ жас кәсіпкерлер форумы өтпекші. Өңірдің жігерлі жастары жылдың  әр күнін қалт жібермейміз деп отыр.

Облыста 14 пен 29 жас аралығындағы 208 мыңға тарта қыз-жігіт бар. Олардың дені  қызмет көрсету, тауар өндіру, тау-кен саласында еңбек етеді. Ресми мәлімет бойынша, жұмыссыз жастардың саны 3000-ға жуық. Олардың еңбекпен,  баспанамен қамту- басты міндеттердің бірі.

Гүлдана Абайқызы