Четверг, Март 28, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жаңа білім – дамудың жаңа жолы

Жаңа білім – дамудың жаңа жолы

          Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің басшылығының ұйымдастыруымен оқу орнының бірқатар оқытушылары мен қызметкерлері біліктілігін жоғарылату мақсатында Алматы менджмент университетінің (AlmaU) базасында жыл сайын өтетін XXIII дәстүрлі қысқы мектепке қатысу мүмкіндігіне ие болды.

Мұғалімдерді жаңа инновациялық өнімдерді дамытуда оқытушыларды түрлендіру және жоғары оқу орын қызметкерлерінің басқару құзыретін қайта жүктеу басты мақсаты болып табылатын Қысқы мектеп барысында біздің педагогтар мен қызметкерлер әр түрлі тренингтерге, шеберлік класстарына және воркшоптарға қатысып, жаңа тәжірибе жинақтады.

Тыңдаушылардың жеке таңдауы бойынша келесі тақырыптар бойынша тренингтер өткізілді: «Білім беру бағдарламаларының педагогикалық дизайнын қайта жүктеу. Білім берудегі инновациялық технологиялар мен әдістемелер», «Жоғары оқу орнының заманауи оқытушысының дизайн-ойлауы», «Басшының эмоционалды интеллекті»,  «Күн тәртібінің тиімді силлабусы: концепт, ашу және орау», «Заманауи ғалымның Toolbox: А-дан Я-ға шейін», «Action Research: білім беру мен оқытуды жаңарту».

Әрбір тренинг қатысушыларға өздерінің оқыту және басқару стилін табуға,  кәсіби және академиялық бағытта қосымша перспективаларын анықтауға көмектеседі. Осылайша,  университет өкілдері 2020 жылы сұранысқа ие болатын дағдылар, 10 болашақ дағдылар мен болашақ мамандықтар және басқа да жаңалықтардан хабардар болды.

Мектеп аяқталғанға дейін қатысушыларды командалық құрамды оқыту, дене бағдарлау және дауыстық жұмысты ұйымдастыру бойынша тренингтер күтуде.

Қысқы мектеп барсында меңгерген білімдері мен жинақтаған тәжірибелері Қ.Жұбанов атында АӨМУ-нің оқытушыларына оларды одан әрі оқу процесі мен университетті дамыту жолында пайдалануына мүмкіндік береді.