Среда, Апрель 17, 2024
Басты > Хабарландырулар > «Invest Your Talent in Italy» бағдарламасы

«Invest Your Talent in Italy» бағдарламасы

Бұл бағдарлама Италияда магистратура немесе докторантура оқуға  көмектеседі. Итальяндық «Invest Your Talent» бағдарламасына Италияның Сыртқы істер министрлігі, Итальяндық сауда және Uni-Italia сауда компаниясы қолдау көрсетеді. Бағдарлама аясында жоғары білім алған студенттер инженерлік, сәулет, дизайн, жоғары технологиялар, экономика және басқару салаларында маман бола алады.

Бұл бағдарламаға ағылшын тіліндегі 150 курсқа(Экономика/Менеджмент бойынша 62, инженерлік/ICT салалары бойынша 106, сәулет және дизайн бойынша 15) мүмкіндік беретін  Итальяның 23 университеті қатысады.

 Бағдарламаға қойылатын талаптар:

  • Бакалавр дәрежесі болуы;
  • Ағылшын тілінен кем дегенде B2 деңгейі болуы;
  • Өтінім беру кезінде 26 жастан аспау;
  • Тізімде көрсетілген 15 елдің бірінің азаматы болуы.

Бағдарламаға қатыса алатын мемлекеттер:

Әзербайжан

Бразилия

Колумбия

Египет

Эфиопия

Гана

Индия

Индонезия

Иран

Қазақстан

Мексика

Қытай Халық Республикасы

Тунис

Түркия

Вьетнам

 

http://investyourtalentapplication.esteri.it  сайтына тіркеліп, 2019 жылдың

31 қаңтарына дейін қатысуға өтінім бере аласыздар!

Толық ақпаратты сілтеме  немесе 87756010505 телефоны арқылы біле аласыздар.