Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Халықаралық онлайн-семинарда «Дене тәрбиесі» пәнін ұйымдастыру мәселесі талқыланды

Халықаралық онлайн-семинарда «Дене тәрбиесі» пәнін ұйымдастыру мәселесі талқыланды

Бүгін Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде «Дене тәрбиесі пәнін ұйымдастыру тәжірибесі белгілі бір спорт түрі мысалында» тақырыбында халықаралық онлайн-семинар өтті.

Семинарды университеттің «Дене тәрбиесі және спорт» кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы Төлеген Ботағариевтің басшылығымен   ұйымдастырылды.

Семинарға Қазақстан және Польша елдерінің ғалымдары қатысты. Олардың ішінде: Алматы қаласы НАРХОЗ университетінің «Дене тәрбиесі» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д., профессор Е.Караваева, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің «Дене тәрбиесі» кафедрасының меңгерушісі, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Д.Танабаев, Быдгощ қаласы Экономика университетінің «Дене тәрбиесі» институтының директоры А.Скалий және университтінің «Дене тәрбиесі және спорт» кафедрасының аға оқытушысы Н.Өмірзақовтар болды.

Семинар барысында қатысушылар «Дене тәрбиесі» сабақтарын ұйымдастыру турасында пікір алмасып, Қазақстан мен Польшаның жоғары оқу орындарында студент қалауы бойынша белгілі бір спорт түрлері негізінде «Дене тәрбиесі» сабақтарын өткізу мәселелерін талқылады.

«Дене тәрбиесі және спорт» кафедрасы