Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Хабарландырулар > ICCR шеңберіндегі Үндістандағы стипендиялық бағдарламалар

ICCR шеңберіндегі Үндістандағы стипендиялық бағдарламалар

Үнді Кеңесінің бас мəдени бағдарламасы (ICCR) шеңберінде Үндістанда бакалавриат, магистратура, докторантура және докторантурадан кейін оқуға арналған стипендиялық бағдарламасы

Үндістан үкіметінің 2019–20 оқу жылына арналған стипендиялық бағдарламасы Үндістанның əр түрлі университеттерінде/оқу орындарында бакалавриат, магистратура жəне докторантура/докторантурадан кейін бағдарламалары бойынша оқуға арналған Үнді Кеңесінің бас мəдени бағдарламасы (ICCR) бойынша Қазақстан азаматтарының өтініштері қабылданады. Стипендия əр түрлі пəндер бойынша, оның ішінде өнер, ғылым, инженерия, бизнесті басқару, бухгалтерлік есеп, сауда, театр өнері жəне гуманитарлық ғылымдар сияқты ғылыми зерттеулер жүргізуге беріледі. Үміткерлер Үндістанда жоғары білім алуға мүмкіндік беретін бағдарламаға қатысу үшін ағылшын тілін жақсы деңгейде меңгеру керек.

Қосымша ақпарат алу үшін (A2A) ICCR əзірлеген «Түлектерді қабылдау» стипендия порталын ашыңыз.

Мүдделі үміткерлер ICCR стипендиялық бағдарламасының http://a2ascholarships.iccr.gov.in/ порталы арқылы онлайн түрде өтініш бере алады. Барлық сұрақтар бойынша мүдделі үміткерлер таңғы 8.30-дан кешкі 18.00-ге дейін (түскі үзіліс 12.30-дан 14.00-ге дейін) халықаралық ынтымақтастық орталығына хабарласа алады.

Стипендиалдық бағдарлама әуе билеттерінен басқа барлық шығындарды қамтиды.

Жыл сайын шетел студенттеріне арналған GSS стипендиялық бағдарламасы арқылы кейбір Азия, Африка және Латын Америкасы елдерінің үміткерлері бакалавриат, магистратура жəне докторантура/докторантурадан кейінгі бағдарламаларда оқуға гранттарға ие болады. Аталған стипендия MBBS, BDS сияқты медициналық зерттеулер немесе медициналық PhD бағдарламаcы бойынша ұсынылмайды.