Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Университет кітапханасы құнды кітаптармен толықты

Университет кітапханасы құнды кітаптармен толықты

Бүгін  Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің экономика және құқық факультетінде қоғам қайраткері, профессор Үкітай  Байжомартовтың қызы Гүлбану Үкітайқызымен, немересі Мәди Байжомартовпен және Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Күлпаршын Айдархановамен «Экономика және менеджмент» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамының кездесуі өтті.

Кездесу барысында қатысушылар Үкітай Байжомартовтың ғылыми және шығармашылық мұрасы, экономика факультетінің қалыптасуы мен дамуына қосқан қомақты үлесі, харизмалық тұлға ретіндегі ерекшеліктері жөнінде сөз болды.

Гүлбану Үкітайқызы университеттің кітапхана қорына профессор Үкітай Байжомартовтың өмірі мен қызметі туралы, Актобе қаласының тарихы туралы, Актобе облысы бойынша ҰОС ардагерлері туралы кітаптарды және бейнефильмдерді табыстады.

Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойы қарсаңында кафедраның профессор — оқытушылар құрамы, жоғарыда аталған материалдар негізінде бірқатар тәрбиелік мақсаттағы шараларды өткізуді жоспарлап отыр.

Айгүл ҚҰРМАНАЛИНА,

экономика және құқық факультеті