Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Университет студенттері Қытайдан оралды

Университет студенттері Қытайдан оралды

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің «филология», «шетел тілдері», «техникалық», «экономика және құқық» факультеттерінен 8 студент Үрімші қаласы, Синьцзянь қаржы-экономикалық университетіндегі Халықаралық білім беру институтына академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Конфуций институтының жарты жылдық білім гранттарын жеңіп алған болатын.

Студенттеріміз 2018 жылдың қыркүйек айынан 2019 жылдың қаңтар айлары аралығында халықаралық академиялық студент алмасу бағдарламасы шеңберінде қытай тіліндегі білімдерін шыңдап оқу жылын сәтті аяқтап келді. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті мен Синьцзян қаржы экономикалық университеті 2012 жылдан бері білім және ғылым саласында бірлесе қызмет атқарып, студент алмасу бағдарламасын сәтті жүргізіп келеді. Серіктес жоғары оқу орны Синьцзян қаржы-экономикалық университеті – Қытайдың Синьцзян-Ұйғыр автономиялық аймағындағы алдыңғы орындағы жетекші университеттердің бірі.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы студенттерге бір семестр көлемінде шетелде оқып, білім алу тәжірибесі мен барлық әлем елдері студенттерімен байланысу мүмкіндігін беріп отыр. Шетелде білім алу бойынша университет студенттеріне тәуелсіздік, ұстамдылық, сенімділік, патриоттық сезім қабілеттерін дамытуға үлкен себебін тигізді.

Дәулет ҚАНТӨРЕҰЛЫ, 

Конфуций институтының оқытушысы