Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > «Дербісалы Беркімбаев: тұлғасы және тарихи дәуірі» тақырыбында аймақтық ғылыми-практикалық конференция өтті

«Дербісалы Беркімбаев: тұлғасы және тарихи дәуірі» тақырыбында аймақтық ғылыми-практикалық конференция өтті

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ұйымдастыруымен Хромтау қаласында 2017 жылы 26 тамызда ҚР Президенті Н. Назарбаетың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының шеңберінде «Дербісалы Беркімбаев: тұлғасы және тарихи дәуірі» тақырыбында аймақтық ғылыми-практикалық  конференция болды.

Конференция басталмай тұрып «Кеңшілер мәдениет үйі» алдында Д.Беркімбаев ескерткішінің салтанатты ашылу жиыны болды. Д.Беркімбаевтың 180 жылдығына арналған көрме ұйымдастырылды.

Конференция мақсаты – тарихи тұлға Дербісалы Беркімбаетың өмірі және қоғамдық-саяси қызметі, ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы өлке тарихы туралы тарихи зерттеулерді және жаңа мұрағаттық құжаттарды ғылыми айналымға енгізу.

Конференцияны академик, т.ғ.д., профессор Б.Е.Комекова (Астана, ҚР) бастады. Конференцияның мәжілістік отырысында т.ғ.д., профессор Г.С.Султангалиева(Әл-Фараби ат.ҚҰУ, ҚР), Стасевич И.В. – т.ғ.к., Ұлы Петр (Кунсткмера, РҰА) атындағы Орталық Азия музейінің антропология және этнография бөлімінің аға ғылыми қызметкері (Санкт-Петербург, РФ), Попова Л.Ф. – Ресей этнографиялық музейінің Орталық Азия, Қазақстан, Кавказ және Қырым халықтарының этнографиясы бөлімінің меңгерушісі(Санкт-Петербург, РФ), Избасарова Г.Б. – т.ғ.к., доцент, М. Ломоносов атындағы МГУ докторанты(Мәскеу, РФ), Бегимбаева Ж.С. – т.ғ.к., доцент (Қ. Жұбанов ат.АӨМУ, ҚР), Бекназаров Р.А. – т.ғ.д., профессор (Қ. Жұбанов ат.АӨМУ, ҚР) баяндама жасады.

Ғылыми-практикалық конференциясының бағдарламасы аясында пленарлық мәжілістен кейін  ұлттық спорт сайыстары – аламан бәйге және түйе палуан өтті.