Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Орыс тілі пәні бойынша ғылыми жобаларды дайындау мәселесі түсіндірілді

Орыс тілі пәні бойынша ғылыми жобаларды дайындау мәселесі түсіндірілді

Лингвистика саласындағы оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмысының мақсаты — заманауи лингвистикалық зерттеулердің негіздері мен рәсімдерін, терминологияға, библиографиялық аппаратқа қойылатын талаптарды, нақты материалды жинау мен сипаттауды зерттеу, лингвистикалық зерттеулердің әдістемелік, әдіснамалық және коммуникативтік мәселелерін бөліп көрсете білуді қалыптастыру, өзіндік шығармашылық жұмыс дағдыларын дамыту. Орыс тілі пәні бойынша ғылыми жобамен жұмыс істеу барысында осы маңызды сәттерді қарастыру үшін Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ Орыс филологиясы және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының доценті Г.И.Унгарбаеваның ұйымдастыруымен 23 қаңтар күні Ақтөбе қаласының №17 мектеп-гимназиясында мастер-класс өткізді.

Орыс тілі бойынша ғылыми жобаларды дайындау кезінде оқушылар жиі қолданатын төмендегі негізгі лингвистикалық әдістер қарастырылды: сипаттаушы, салыстырмалы-тарихи, әлеуметтік-лингвистикалық, салыстырмалы, контрастивті. Қазақстанда көптілді білім берудің дамуына байланысты біздің мектептерде контрасивті лингвистикалық әдісті қолдану жұмыстары өзекті екені атап өтілді. Екі және үш тілді еркін меңгеру оқушыларға салыстырмалы жоспардың қызықты жұмыстарын орындауға мүмкіндік береді.

Мектеп мұғалімдеріне ғылыми жобаның мақсатын дұрыс қою, тақырыпты қалыптастыру, зерттеу әдісін таңдау, библиографиялық сілтемелерді рәсімдеу мәселелері қызықтырды. Оқушылардың оқу және функционалдық сауаттылығының төмендігі, ЖОО түлектерінің ҒЗЖ дағдылары мен біліктерінің жеткіліксіз болуы, филологиялық білімі бар жас мамандардың жетіспеуі сияқты маңызды мәселелер де көтерілді.

 Динара БЕКНИЯЗОВА,

филология факультеті