Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Ақтөбеге филолог ғалымдар жиналды

Ақтөбеге филолог ғалымдар жиналды

Бүгін Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде «Әдеби-рухани мұра: мәдениетаралық коммуникация контексінде» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Ғалымдар бас қосқан ғылыми шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында филология ғылымдарының докторы, профессор Абат Пангереевтің 60 жасқа толу мерейтойына арналды. Абат Шамұлы — фольклортанушы ғалым. Сейіт Қасқабасов бастаған филологтартар конференциясының негізгі бөлігі фольклортанудың қазіргі бағыттарына арналды. Мифопоэтика, лингвофольклортану, топонимдік фольклордың қыр-сыры талқыға түсті. Ғалымның әдебиет саласындағы ғылыми жолы сараланып, әріптестері мен замандастары ой бөлісті. Фольклормен қатар ғылыми жиында түркі дүниесіне ортақ рухани мұралар, ономастика және өлкетану мәселелері, елтану және шетел халықтарының дәстүрлі мәдениеті жөнінде де сөз қозғалды. Рухани жаңғырудың бір бөлігі өлкетану болса, Абат Пангереев өңіріміздің өлкетануына үлес қосқан ғалым. Негізінен әдебиетші ғалымдар бас қосқан мұндай жиын өңірімізде жиі өтеді. Ал, оның маңызы неде, қандай нәтиже бермек?…