Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Факультет кеңесі модульдік білім беру бағдарламасына арналды

Факультет кеңесі модульдік білім беру бағдарламасына арналды

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің Физика-математика факультетінде бағдарлы білім беруді іске асыруға және жетілдіруге бағытталған модульдік білім беру бағдарламалары Кеңейтілген Кеңесте талқыланған болатын.

Жұмыс берушілер мен факультеттің профессор-оқытушылар құрамы қатысқан шарада қаралған негізгі мәселе – бітіруші түлектердің біліктілік құзыреттіліктерін қалыптастыруға бағытталған білім беру бағдарламаларын талқылау және бекіту.

Отырысты оқу және оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор Абенова Бибігүл Сейілқызы ашып берді. Ол  отырысқа қатысушыларды кеңестің бағдарламасымен таныстырып, кеңес жұмысына  сәттілік тіледі.

Кеңейтілген отырысқа қатысушылар білім және IT саласында қызмет ететін қазіргі заман талабына сай мамандар даярлауда қолданылатын оқу жұмыс бағдарламасына қазіргі таңда өзекті мәселелерді қамтитын және маманның жан-жақтылығын арттыруға бағытталатын пәндерді енгізуге, оқу үдерісіне енгізілген барлық тәжірибелердің көлемін, өту орындарын және оларды игерудің әдістемелеріне өзгерістер енгізуге бірқатар ұсыныстар жасалды.

Осы орайда, жұмыс берушілердің тарапынан жоғары белсенділік байқалды. Студенттердің пәндерді игеруде олардың білімін, орындай алуын және дағдысын дамытуға бағытталған білім беру бағдарламалары сапасы, құрамы тек мемлекетіміздің шеңберінде ғана емес, әлемдік сұранысқа ие бола алатын және шетелдерде қызмет жасай алатын мамандар даярлауға бағытталуы тиіс екендігі айтылды.

Ләззат  КАПАРОВА,

Физика-математика факультеті