Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұмыс берушілермен өткен кездесу

Жұмыс берушілермен өткен кездесу

Университеттің Жаратылыстану факультетінде «Дуальды оқыту элементтері негізінде білім бағдарламаларының жаңа дизайны» тақырыбында  жұмыс берушілермен кездесу семинары өткізілді.

Семинардың басты мақсаты – Қазақстан Республикасының аймақтары мен Ақтөбе облысы бойынша білікті мамандарды даярлау мақсатында білім бағдарламасы шеңберінде жұмыс берушілер ұсынған курстарды қарастырып, талқылау.

Кездесуге университеттің Оқу және оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры Бибігүл Әбенова, оқу-әдістемелік бөлімінің басшысы Айнұр Қадірқұлова, Жаратылыстану факультетінің деканы Мұрат Махамбетов, факультеттің профессор-оқытушылар құрамы, сонымен бірге факультетпен тұрақты байланыс орнатқан мекемелердің өкілдері арнайы қатысты: Экология кафедрасы бойынша «ГидроЭкоРесурс» ЖШС бас директоры Дәулетжан Әлиев, «Батысэкопроект» ЖШС бас директоры  Абзал Есенғұлов, «Ақтөбе облысы бойынша «Экология департаменті» РММ экологиялық реттеу бөлімінің басшысы  Салтанат Альмурзаева, РММ «Ақтөбе облысы бойынша экология департаменті» бас мамандары Дархан Мұратов пен Әмірхан Тарғынов, «АСУ-ЭКО» ЖШС басшысы  Серік Өтегенов, «Казах Ойл» ЖШС инженер экологАртур Агадиев, ЖШС «Қазақтүрікмұнай» инженер-эколог Артур Гатаулин, «КазТЭКО» ЖШС инженер эколог — Әділ Ерекенов, «Сауран» ЖШС бас маманы — Бауыржан Исенғалиев, «Алихан» ШҚ басшысы — Бекболат Нурмуханов; «Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» басшысының орынбасары Асхат Көбенов, «ҒЗО Батысэкопроект» ЖШС бөлім басшысы  Проза Тюлебаева; Химия және химиялық технология кафедрасы бойынша «Ақтөбе хром қосылыстар зауыты» АҚ басқарма төрағасы  Алексей Химич, «Ақтөбе хром қосындылары зауыты» АҚ технология бойынша басқарма төрағасының орынбасары Фаргат Арсланов, «Ақтөбе мұнай өңдеу» ЖШС бас директоры Ільяс Тасмағамбетов, «Ақтөбе мұнай өңдеу» ЖШС бас инженер маманы  Мұрат Күлтаев, Ақтөбе облысы бойынша экология департаментінің зертханалық-аналитикалық бақылау бөлімінің басшысы Жібек Тальжанова, №21 орта мектеп гимназия оқытушысы  Маржанкүл Тойшыманова, «Актобе продукт» ЖШС басшысы Дмитрий Гутевич, «СНПС Ақтөбе мұнай газ» АҚ басшысы Гуань Вэйдон, №40 орта мектеп Бауыржан Сарин; Биология кафедрасы бойынша Ақтөбе орман шаруашылығы басшысы  Мұхамбетқазы Меңдібаев, «Ақтөбе аймақтық карантиндік зертханасы» басшысы Гүлнұр Жаракенова, Новый орта мектеп директоры  Ақгүл Кисикова, Ақтөбе қалалық жас натуралистер станциясы басшысы  Орал Сенғалиев, «Рамазан» ЖШС басшысы  Орынбасар Мусин, Ақтөбе жоғары ауылшаруашылық колледжінің басшысы  Амангелді Есіркепов, №27 мектеп-лицей директоры Дәуір Төлемісов, Ғ.Ақтаев атындағы №6 орта мектеп директоры Шолпан Жанғалиева, «Ақтөбе облыстық ауылшаруашылық тәжірибелік станциясы» басшысы  Ермек Жұмағазин, Ш.Бекмұхамбетова атындағы мектеп-гимназия директоры  Роза Ұлықпанова, «Қазақ орман шаруашылығы және агромелиорация ҒЗИ» басшысы Мұрат Өтешқалиев, «Ақтөбе қалалық жас натуралистер станциясы» басшысының орынбасары  Айгерім Ахметова.

Семинар барысында» Экология», «Биология», «Химия және химиялық технология» кафедраларының 2019-2020 оқу жылына білім бағдарламалары ұсынылды. Мекеме өкілдері тарапынан сын-пікірлер мен ұсыныстар айтылды. Семинар нәтижесінде жұмыс берушілермен мамандарды даярлау бағыты, түлектертің құзіреттілік модулі, әрбір енгізілетін жаңа пәндер толықтай екі жақты талқыланып, қарастырылды.

Салтанат ТАЖЕКЕНОВА,

жаратылыстану факультеті