Вторник, Март 19, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Ғалым Абат Пангереев — 60 жаста

Ғалым Абат Пангереев — 60 жаста

Белгілі фольклортанушы ғалым Абат Пангереев 60 жаста. 100 ден астам ғылыми жұмыс, оқу-әдістемелік кітаптар мен ғылыми зерттеулердің авторы. Тарих пен топонимика саласына жаңалық енгізген Абат Пангереевтің есімі республикаға танымал. Бүгін Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде ғалымның мерейтойына арналған конференция өтуде. Оған Қазақстан мен Ресейден филологтар жиналды. Мифопоэтика, лингвофольклортану мен ономастика тақырыптарында баяндамалар жасалмақ. Профессордың мерейтойы филология факультетінің 30 жылдығымен тұспа-тұс келіп тұр.

«Әдеби-рухани мұра: мәдениетаралық коммуникация контекстінде» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында көрме ұйымдастырылған. Оған студенттердің ғылыми жұмыстары мен инновациялық жобалары қойылды.