Четверг, Март 28, 2024
Басты > Жаңалықтар > Өндіріс өкілдерінің қатысуымен білім бағдарламаларының презентациясы техникалық факультетте жасалды

Өндіріс өкілдерінің қатысуымен білім бағдарламаларының презентациясы техникалық факультетте жасалды

Ағымдағы жылдың 30 қаңтар күні Жұбанов университеті ректорының бекіткен кестесіне сәйкес техникалық факультетінің мәжіліс залында өндіріс өкілдерінің қатысуымен дайындалған 2019-2023 жылдарға  арналған білім бағдарламасының презентациясы ұйымдастырылды.

Аталған шараға жетекші кафедралармен тұрақты байланыс орнатқан «Казхром» ТҰК» АҚ–ң бас металлургі Е.Э.Абдулабеков, «Ақтөбе рельс арқалық зауыты» механикалық-сынақ зертханасы бастығының орынбасары  М.К.Джундибаев, «ТемірбетонАқтөбе» ЖШС директоры Р.Б.Жалиев, «СтройИнвестKZ-2050» ЖШС директоры В.В.Кутьин, «Инжиниринговый центр Азия эксперт» ЖШС директоры Е.Е.Молдагалиев, «Вест Моторс Сервис» ЖШС техникалық қызмет көрсету станциясының бастығы  М.Талипов, «Дөң тау-кен байыту комбинаты  «Казхром»ТҰК» АҚ кен тасымалдау көлік цехының бас инженері Б.М.Айтанатов, «Автопарк» ЖШС директоры А.С.Тлеулесов, «Элитстройсервис Ақтөбе» ЖШС директоры  Ю.Б.Умиров, «KazTransCom»AФ көлік цехының басшысы С.К.Кудрашов, РМҚК «КазИнСт» АФ директоры М.М.Сарбопин, «ПАТП» ЖШС директоры  Е.А.Блиев, ҚТЖ «Жүк тасымалы АҚ» ЖТ» Ақтөбе бөлімі филиалының директоры  Б.С.Беркимбаев, «Қазақавтожол» ЖШС директоры  Ә.М.Утемуртов, «Эко Экспресс Ақтөбе» ЖШС өндірістік техникалық бөлім инженері Е.Е.Балгазин, «СНПС Ақтөбе мұнай-газ» АҚ бұрғылау және пайдалану мәселелерін зерттеу бөлімінің басшысы   А.С.Бейсекова, «Аpple Сity Distributors» көліктік-логистикалық компаниясының атқарушы директоры А.С.Жұмабаев және университеттің Білім сапасы мониторингі бөлімінің меңгерушісі А.Нагиметова мен Білім беру процесін ұйымдастыру департаментінің директоры С.К.Бишекен  қатысты.

Жиынға қатысқан Сабырғали Кәрібайұлы  өз сөзінде ҚР БжҒМ тарапынан біршама нормативтік құжаттардың өзгеріске ұшырауына байланысты университеттерге академиялық еркіндік берілгендігін, білім бағдарламаларын жасақтау барысында жұмыс берушілердің маңызды рөл атқаратындығы туралы мәлімдеді.

Шара барысында «Автокөлік және жол қозғалысын ұйымдастыру», «Металлургия және тау-кен ісі», «Құрылыс», «Мұнай-газ ісі» кафедраларының меңгерушілері 2019-2023 жылдарға  арналған білім бағдарламаларын таныстырды. Арнайы пәндерге байланысты өндіріс өкілдері өз пікірлері мен ұсыныстарын да жеткізді. Нәтижесінде өндіріс өкілдерімен мамандарды даярлау бағытына сәйкес білім бағдарламасына енгізілетін жаңа пәндер екі жақты толық талқыланып, олардың ұсыныстары қабылданды.

Техникалық факультеті деканының м.а. Абзал Мұхтаров шараға қатысушыларға алғыс айтып, өндіріс базаларында дуалды оқыту элементтерін енгізе отырып, практикалық сабақтардың жүргізілуіне мүмкіндік жасауларын сұрады.

Альбина ЕРСАЙЫНОВА,

техникалық факультет