Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Хабарландырулар > Хабарландыру!

Хабарландыру!

Республикалық бюджет қаражаты есебінен халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасына қабылдау жалғасуда

Халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламаларының жиынтығы республикалық бюджет есебінен жүргізілуде.

Халықаралық ынтымақтастық орталығы «Шетелге, оның ішінде академиялық ұтқырлық шеңберінде оқытуға жіберу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 19 қарашадағы № 613 бұйрығына өзгерістер енгізілгені жөнінде хабарлайды (http://adilet.zan.kz/rus/docs/V19000181627).

2019 жылдан бастап халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 4 қаңтардағы №1 бұйрығымен (бұдан әрі — Ереже) бекітілген жаңа ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.

Ағымдағы 2019 жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен білім алушыларды (бакалавр студенттері) іріктеу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

 

  1. 2019 жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыру барлық мүдделі бакалавриат студенттері үшін қарастырылады;
  2. Студенттер келесі қажетті құжаттарды тапсыруы керек.

— паспорттың түрлі-түсті көшірмесі;

— медициналық анықтама 082 / ж;

— оқу үлгерімі транскрипті;

— IELTS немесе TOEFL сертификаты;

* Егер шетелдік ЖОО студенттің меңгерген шет тілі деңгейімен (шетелдік ЖОО шет тілін білу деңгейін көрсетуі тиіс) қабылдауға келісімі жайында ресми хатты жолдаған жағдайда студенттің сертификат тапсыруы қажет етілмейді  (бірыңғай жағдай тек 2019 жылға ғана жарамды).

  1. 18 жасқа толмаған талапкерлерге ата-аналарының / қамқоршыларының / заңды өкілдерінің жазбаша келісімі.

Егер студент төмендегі санаттар бойынша оқытуға жіберілсе:

— жетім;

— көпбалалы отбасы;

— мүгедек;

Келесі құжаттар ұсынылуы тиіс:

  1. студенттің ата-анасының жоқтығын растайтын құжат (жетім балаларға немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттерге арналған санат үшін);
  2. студенттің көпбалалы отбасынан екенін растау үшін бірге тұратын төрт немесе одан да басқа кәмелетке толмаған балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмесі немесе бала асырап алу туралы сот шешімінің көшірмесі, бірге тұратын кәмелетке толмаған балалардың мекен-жай анықтамасы;
  3. «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10589 тіркелген) нысанда мүгедектік туралы анықтама.

Қосымша ұпайлар үшін студент мына құжаттарды ұсына алады:

— мақтау қағаздарының, сертификаттардың, дипломдардың, алғыс хаттардың (мамандық бойынша, нотариалды куәландырылған және мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылған) көшірмелері.

Қабылдау АҚШ, Еуропа және Оңтүстік-Шығыс Азиядағы шетелдік әріптес университеттерге жүргізілуде.

Құжаттар Академиялық ұтқырлық бөліміне 2019 жылдың 13 ақпанына дейін жіберілуі тиіс (әрбір студенттің құжаттары тігілген және нөмірленген болуы керек).

Қосымша ақпарат үшін: Академиялық ұтқырлық бөлімі, Технопарк ғимараты, 3 қабат, 21 бөлме.