Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Білім күні құтты болсын!

Білім күні құтты болсын!

Құрметті әріптестер, ұстаздар! Қадірлі студенттер және ата-аналар!

Сіздерді жаңа оқу жылының басталуымен және Білім күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл күні білім мен өнердің, мәдениет пен парасаттың, адамгершілік пен ізгіліктің бастауы болған білім ордалары миллондаған шәкірттеріне құшағын айқара ашып, жаңа 2017-2018 оқу жылын бастағалы отыр. Баршамызды алда жаңа білім, жаңа асу, қиындығы мен қызығы мол білім саласының алғашқы күндері күтуде.

Мемлекетіміз өркениетті елдердің қатарында көркеюі үшін ертеңгі ел болашағы, бәсекеге қабілетті білімді жастарды тәрбиелеу — барша ұстаздар қауымының міндеті екендігі баршамызға мәлім. Ұстаз – ұлылық, шәкірт – мәңгілік.

Батыс өңіріндегі жетекші жоғары оқу орны Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті сонымен қатар биылғы қара шаңырақ табалдырығынан алғаш қадам басқалы тұрған студенттерді де мерекелерімен құттықтайды. Білімге бастар қадамдарың биік белестерге жетелеп, еліміздің кәсіби білікті мамандар қатарын толықтыратындарыңа сенім мол.

Құрметті ұстаздар мен ата-аналар! Жаңа оқу жылында еліміздің болашағы өскелең ұрпақтың бойына ұлттық тәрбиені сіңіріп, білім нәрімен сусындатудағы қажырлы еңбектеріңізге сәттілік тілеймін!

Университет ректоры Б.А.Ердембеков