Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Шетелде білімдерін шыңдады

Шетелде білімдерін шыңдады

Бүгін Жұбанов университетінің Халықаралық ынтымақтастық орталығы
директоры  Гүлжан Шоқым халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында және «Мәулана»гранттық бағдарламасы бойынша Түркия Республикасының Сакария университетінде 1 семестрлік білім алып келген 17 студентпен және Польша Республикасы Быдгощ экономикалық университетінде білімдерін шыңдап келген 7 студенті, ҚХР Шыңжаң қаржы-экономикалық университетінен білім алып келген 5 студентімен кездесті.

Студенттеріміз оқып келген елдің білім ордалары туралы маңызды әрі мәнді ақпараттармен бөлісті. Студенттер өз кезегінде Түркия сапарынан алған әсерлерімен бөлісіп, ондағы оқу процесінің ерекшеліктерін әңгімеледі. Аталған университетте студенттеріміз еуропалық білім беру жүйесімен танысып, поляк тілінің базалық негізін үйрене отырып мол тәжірибе жинақтап келді.

Студенттеріміз шетелде жүрсе де еліміздің саяси қоғамдық оқиғаларынан
тыс қалмай, Түркиядағы Қазақстан елшілігіне барып қазақ диаспорасымен
бірге қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, тәуелсіздік күнін бірге
тойлады.

Польша Республикасы Быдгощ экономикалық университетінде оқыған студенттеріміз, қазақ ұлттық тағамдарын әзірлеп, салт-дәстүрінен көрініс көрсетіп, поляк халқын қазақ мәдениетімен таныстырды. Сонымен қатар қос диплом бағдарламасы аясында Түркия Кастаному университетіне,академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Хажеттепе, Кастаному университетіне, Польша Республикасы Катовица университетіне білім алуға аттанғалы отырған студенттермен кездесті.

Гүлжан Тыныштықбайқызы студенттерімізге оқуын үздік оқуға, өзге елде тәртіпті,тәрбиелі болып,білім алып келуге кеңес беріп,ақ жол тіледі. Айта кететін жәйт, шет елдер арасындағы байланысты одан әрі жақсарту мақсатында алдағы уақыттарда да жақсы нәтижелер болатындығына сенміміз мол. Бұл өз кезегінде шет елдермен арасындағы байланысты нығайтумен қатар ынтымақтастық аясын кеңейтетіні сөзсіз. Оқуларын аяқтап келген студенттер өздерінің академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқуға дайындалып жатқан құрдастарына ақыл-кеңестерін айтып, сәт сапар тіледі.

 Гүлбану Қуанышова,
Академиялық ұтқырлық бөлімі