Четверг, Август 6, 2020
Басты > Жаңалықтар > Мәскеулік профессор Лариса Желондиевскаяның дәрістері

Мәскеулік профессор Лариса Желондиевскаяның дәрістері

Бүгін Жұбанов университетінің «Дизайн» кафедрасына шет елдерден ғалымдарды шақыру бағдарламасы аясында 2018-2019 оқу жылының бекітілген жоспарына сай Мәскеулік профессор Лариса Желондиевская келді. Ол «Дизайн» мамандығының 2-4 курс студенттеріне бір апта бойы дәрістер оқып, практикалық сабақтар өткізетін болады

Өзінің алғашқы дәрісі барысында Ресейлік ғалым территориалды брендинг аспектісінде өңір дизайнын жобалау мәселелеріне тоқталса, келесі дәрістер «Дизайн нысандарын құру» және «Архитектуралық дизайн әлементтері мен үрдісі» тақырыптарына арналатын болады.

Желондиевская Лариса Владиславовна – профессор, С.Г. Строганов атындағы Мәскеу Мемлекеттік Көркем-өндіріс Академиясының кадрларды кәсіби дайындау және қайта даярлау факультетінің деканы. Сонымен қатар ол Ресейдің Федералды оқу-әдістемелік ұйымының мүшесі, Рособнадзор эксперті