Вторник, Апрель 23, 2024
Басты > Жаңалықтар > Мәскеулік профессордың шеберлік сағаттары

Мәскеулік профессордың шеберлік сағаттары

Бүгін С.Г.Строганов атындағы Мәскеу мемлекеттік Көркем-өндіріс Академиясының профессоры Лариса Желондиевская Жұбанов университетінің «Дизайн» кафедрасының оқытушыларына шеберлік сағаттарын жүргізді.

Шеберлік сағаты «Көрнекі коммуникациялардың заманауи дизайн технологиялары» тақырыбында өткізілді. Профессор өзінің жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, жаңа медиа-көрнекі коммуникациялар туралы сөз қозғады. Шеберлік сағатында тыңдаушылар берілген тақырыпқа үлкен қызығушылық танытып, сұрақтар қойды.

Шет елдерден ғалымдарды шақыру бағдарламасы аясында 2018-2019 оқу жылының бекітілген жоспарына сай Мәскеулік профессор Лариса Желондиевская «Дизайн» мамандығының 2-4 курс студенттеріне аумақтық брендинг тақырыбында бір апта бойы дәрістер оқып, практикалық сабақтар өткізуде. «Дизайн арқылы сіздің өңіріңіздің ерекшеліктерін аңықтауға негізделген жоба. Жұмыс аяқталғаннан кейін сіздің аумағыңыздың ерекшелігі туралы әңгімелейтін бірегей жобаның тұжырымдамасын аламыз деп ойлаймын»,- деді, профессор.

Оның айтуынша, дайын жобалар университет басшылығына да, өңір басшылығына да жіберіледі.

Айта кету керек, Лариса Владиславовна Ресейдің Федералды оқу-әдістемелік ұйымының мүшесі, Рособнадзор эксперті.