Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Оқу ордамыздың ұжымы «Жұбановтар ауылына» іс-сапармен барды

Оқу ордамыздың ұжымы «Жұбановтар ауылына» іс-сапармен барды

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында, туған жерге тағзым ету мақсатында Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті өкілдері 1 қыркүйек – Білім күні және қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай  Мұғалжар ауданы, Жаңатұрмыс ауылына барып Жұбановтар қорымына құран бағыштады. Сондай-ақ, осы ауылдағы мектеп жанындағы құрылыстың салтанатты ашылуына қатысты. Аталмыш игі шара әрі қарай Мұғалжар ауданына қарасты Жұрын елді мекенінде жалғасын тапты. Ғылым және инновациялар жөніндегі проректор Р.А. Бекназаров және Жұбановтанушы, ф.ғ.к., доцент М.О. Миров Жұрын ауылындағы Қ. Жұбанов атындағы негізгі мектеп ұжымымен кездесіп, осы мектепте Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің филиалын ашу туралы өзара келісім-шартқа салтанатты түрде қол қойды.

Осындай  игі шараның іске асуына ықпал еткен Мұғалжар ауданының әкімі Ербол Данағұловқа, аудан әкімінің орынбасары Құлмағамбетов Бекболат Қалдыбайұлына, аудандық білім бөлімінің басшысы Қорғанбай Әлімжан Өмірсерікұлына университет әкімшілігі өз алғысын білдіреді.