Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Мектеп оқушыларының ғылыми жұмыстарын ұйымдастыруға арналған семинар

Мектеп оқушыларының ғылыми жұмыстарын ұйымдастыруға арналған семинар

Білім беру жүйесін жаңғырту жаңа идеяларсыз, амалдарсыз, заманауи технологияларсыз, оқушылар мен педагогтардың бірлескен жұмысынсыз мүмкін емес. Мұндай тәжірибені құру жалпы білім беру мекемесінде ғылыми-зерттеу қызметі барысында жүзеге асырылады.

Осыған орай  «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-практикалық қосымша білім беру орталығы  Жұбанов университетінің базасында  «Оқушылардың ғылыми-зерттеу жобаларын ұйымдастыру және дайындау»  тақырыбында семинар өткізді. Аталған іс-шараға Ақтөбе облысының қалалық және аудандық мектептерінің мұғалімдері қатысты. «Орыс филологиясы және мәдениетаралық коммуникация» кафедрасының оқытушылары, доцент Куздыбаева Ақмарал Аманбайқызы мен доцент Идрисова Эльмира Тәңірбергенқызы ғылыми жобаларды қорғауға, сараптамалық комиссияларда жұмыс істеуге және ғылыми жобалар сайысында қазылар алқасына мүшелікке дайындай отырып, семинарға қатысушылардың алдында баяндама жасады. Баяндамашылар оқушылардың ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастырудың ерекшеліктеріне, ғылыми-зерттеу жұмыстарын дайындаудың мақсаттары мен міндеттеріне, ғылыми жоба жұмысының кезеңдеріне толық тоқталды. Сонымен қатар, «Жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар конкурстарын ұйымдастыру және өткізу ережесінде» белгіленген техникалық талаптар бойынша бірқатар ұсыныстарын жеткізді.

 

                                                                                  Динара БЕКНИЯЗОВА,

филология факультеті