Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Білім алушылар түрік тілін меңгерді

Білім алушылар түрік тілін меңгерді

Халықаралық ынтымақтастық орталығы академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Жұбанов университеті Түркия Республикасының бірқатар университеттерімен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойған болатын. Сол келісім аясында әрі қарай өзара жемісті ынтымақтастықты іске асыру үшін университетімізде ұйымдастырылған  2018-2019 оқу жылының I — жарты жылдығында  басталған түрік тілі курсын білім алушылар орта  деңгейі бойынша сәтті аяқтады.

Түрік тілін жеделдетіп оқыту арқылы студенттерге В1  деңгейлік сертификаты берілді. Әрбір студент түрік тілін жетік меңгеріп, өз мамандығына байланысты  Түркияның серіктес ЖОО-да одан әрі білімдерін жетілдіру үшін  Кастаному, Сакария,Хаджеттепе университеттеріне оқу сапарына аттанды.

Түрік тілі курстары Түркиядағы ЖОО-да Мәулана бағдарламасы бойынша білім алушылардың түрік тілі деңгейін жетілдіру, қос диплом бағдарламасы бойынша білім алу мүмкіндіктеріне үлкен септігін тигізеді.

Бүгінгідей  жаһандану заманында көп тіл білетін адамның қоғамдағы алар орны да ерекше. Өзге тілді үйрену, оны жетік меңгеру — бұл ең алдымен халықаралық қатынастар кезінде айрықша рөл атқаратыны баршамызға аян.

«Курсқа өз қалауларымен келіп отырған тыңдаушылардың түрік тілін үйренуге деген қызығушылықтары жоғары болғанын байқадық. Жеделдетілген  курста тіл үйренушілер қарым-қатынас жасау біліктілігін қалыптастырып, өз ойын жүйелі жеткізуге, сұрақтарға жауап беруге, сауатты жазуға дағдыланды,осы курстан алған білімдерімен Түркия еліндегі оқуларын сәтті аяқтап келеді деген сенім білдіремін»,-дейді, түрік тілінің оқытушысы Рахман Өксүз.

Курсты сәтті аяқтаған тыңдаушыларға  сертификат табысталды. Түрік тілін үйретуші түрік мамандарына университет ректорының атынан Алғыс хаттар тапсырылып, студенттер жылы лебіздерін білдірді.

 Гүлбану ҚУАНЫШОВА,

Академиялық ұтқырлық бөлімінің әдіскері