Жұбанов университетінің педагогика факультетінде оқу және оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры Бибігүл Әбенованың басшылығымен жаңа нормативті–құқықтық актілер мазмұнына сәйкес білім беру бағдарламасы құрылымындағы өзгерістерді түсіндіру бойынша әдістемелік-ақпараттық топ семинар ұйымдастырды.
Семинар барысында проректор Бибігүл Сейілқызы жаңа талаптарға сәйкес білім беру бағдарламаларын нормативті-құқықтық құжаттар негізінде жасақтаудың тәртібін, жолдарын жан-жақты түсіндірді. Сондай-ақ, ол 2019-2020 оқу жылы үшін дайындалатын элективті пәндер каталогына ұсынылатын пәндердің мазмұны мен оны толтырудың реті жайында мәселелерді қозғады.
Сонымен қатар Білім беру процесін ұйымдастыру департаментінің директоры Сабырғали Бишекен «Бакалавриат бойынша 2-4 курстардың модульдік оқу жоспарына өзгерістер енгізу» тақырыбында мағлұмат берді. Семинар аясында педагогика факультетінің деканы Жанна Жусупова Алматы қаласында ұйымдастырылған қысқы мектептен (Aлматы менеджмент университеті) алған тәжірибесімен бөлісіп, «Инновационные технологии и методы в образовании» тақырыбында презентациясын көпшілік назарына ұсынды.
Семинар соңында профессор-оқытушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауаптар берілді.
Айгерім САМАТҚЫЗЫ,
педагогика факультеті