Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жаңалықтар > Техникалық факультетіндегі жиын білім беру құрылымындағы өзгерістерге арналды

Техникалық факультетіндегі жиын білім беру құрылымындағы өзгерістерге арналды

Бүгін Жұбанов университетінің техникалық факультетінің профессорлық-оқытушылық құрамы мен университеттің оқу және оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры Бибігүл Әбенова, Білім беру процесін ұйымдастыру департаментінің директоры Сабырғали Бишекен, оқу-әдістемелік бөлім меңгерушісі Айнұр Кадиркулова және педагогика факультетінің деканы Жанна Жусуповалардың қатысуымен «Бакалавриат мамандықтары бойынша 2-4 курстардың модульдік оқу жоспарларына өзгерістер енгізу» және «Білім беру саласындағы инновациялық технологиялар мен әдістер» тақырыбында кездесу-талқылау форматында жиын өтті.
Білім саласындағы көптеген нормативтік құжаттардың өзгеріске ұшырауына байланысты факультеттегі модульдік білім бағдарламаларын құрастыруда әр пән оқытушысының жауапкершілігін арттыру, болашақ мамандарды дайындауда қойылатын жаңа талаптарды түсіндіру және 2016, 2017, 2018 жылдары қабылданған білім алушылар үшін жасақталған модульдік оқу жоспарларына соңғы нормативтік құжаттарға сәйкес өзгерістер енгізу мәселелері жиынның негізгі мақсаты болып табылады.
Жиын кезінде Білім беру процесін ұйымдастыру департаменті тарапынан модульдік оқу жоспарларына өзгерістер енгізу үшін нақты үлгілер ұсынылып, тапсырмаларды орнындау мерзімі айқындалды.
Сонымен қатар «Білім беру саласындағы инновациялық технологиялар мен әдістер» тақырыбында профессорлық-оқытушылар құрамына арналған презентация таныстырылды. Факультет оқытушыларының қойған сұрақтарына нақты жауаптар беріліп, қызу талқыланды.