Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Университет ғалымдары мен шетелдік ғалымдар бас қосты

Университет ғалымдары мен шетелдік ғалымдар бас қосты

Бүгін Жұбанов университетінің Стартап академиясында университеттің жас ғалымдары мен корейлік жас ғалымдары пікір алмасып, тәжірибемен бөлісу мақсатында  кездесу өткізді.

Еркін әңгіме форматында өткен бұл кездесу барысынза қос елдің жас ғалымдары білім беру және ақпараттық технологиялар саласындағы жаңалықтармен бөлісіп, өз ойларын ортаға салды. Осылайша Жұбанов университетінің жас маманы Арман Қантөре оқытушыларға арналған ортақ статистикалық базаны құру туралы идеясымен бөлісті. Оның айтуынша, аталмыш база арқылы университеттің профессорлық-оқытушылық құрамның барлық баспаларда жарық көрген материалдары бір жерге тіркеліп отыратын болады.

Өз кезегінде профессор Тэ-Кук Ким және профессор Джунг-Ки Хван Кореяның жоғары оқу орындарындағы мұндай базалардың қалай жұмыс жасайтындығына толық тоқталып, өз елдеріндегі білім беру процесі туралы сөз қозғады.

Айта кету керек, шетелдік ғалымдар Жұбанов университетіне академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында өткен аптаның басында арнайы келген болатын.