Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жастар саясаты > «Даму» қорының өкілімен кездесті

«Даму» қорының өкілімен кездесті

Бүгін Жұбанов университетінің Стартап академиясында Ақтөбе облысындағы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының директоры Берік Нұрғалиевпен жас кәсіпкерлердің кездесуі өтті.

Берік Раисұлы кездесуде жиналғандарға «Даму» қорының қызметі туралы баяндады. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» 1997 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес құрылған. Қордың миссиясы — кешенді және тиімді қолдау құралдарын енгізу арқылы Қазақстанда микро, шағын және орта кәсіпкерліктің тұрақты дамуында белсенді рөл атқару»,- деді.

Жиында «Даму» қорының өкілі шағын және орта бизнесті қолдауға арналған 4 негізгі құралдар —  қаражаттарды шартты орналастыру арқылы қаржыландыру, несие кепілдіктері, субсидияланған пайыздық мөлшерлемелер және оқыту туралы әңгімелеп берді.

Жас стартаптар назарына «Еңбек» және «Бизнестің жол картасы-2020» жаппай кәсіпкерлік бағдарламалары ұсынылды. Берік Нұрғалиев әр бағдарламаны егжей-тегжейлі түсіндіріп, оларға қатысу шарттарын түсіндірді. «Ең бастысы — жақсы жобалық идея. Әрі қарай, сіздің идеяңызды іске асыру үшін өз орнын талдау қажет. Және сіз үлкен жауапкершілікті есте сақтауыңыз керек », — деп, ол кеңес берді.

Студенттер бизнесті несиелендірудің, кепілді қамтамасыз етудің, субсидиялар туралы сұрақтарын қойып, оларға толық жауап алды. Берік Нұрғалиев кездесу қатысушыларына Ақтөбе облысындағы жас кәсіпкерлердің табыстарымен таныстырды.

Кездесу соңында болашақ кәсіпкерлер келген маманға пайдалы ақпарат үшін алғыс білдірді.