Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жаңалықтар > Дарабозды дәріптеген дөңгелек үстел

Дарабозды дәріптеген дөңгелек үстел

Жұбанов университетінің тарих факультетінде  «Отан тарихы және тарихи пәндер» кафедрасы ұйымдастыруымен ҚР Президентінің «Ұлы Даланың жеті қыры» аясында «Бекежан Сүлейменов –  ұлт тарихының көрнекті тұлғасы» тақырыбында  дөңгелек үстел өтті.

Аталмыш шараны тарих факультетінің деканы Гүлмира Купенова кіріспе сөзімен ашып, шараның басты мәні мен маңызына тоқталып өтті. Дөңгелек үстел барысында т.ғ.к., доцент Самат Есқалиев, т.ғ.д. Ұзақбай Исмағұлов, т.ғ.д. Гүлбану Избасарова, т.ғ.д. Талғат Жұмағанбетов баяндама жасады.

Дөңгелек үстелде тарихшы-ғалым Бекежан Сүлейменовтің өмірі мен тарих ғылымына қосқан үлесі туралы сөз болды.

Шара соңында дөңгелек үстел жұмысына қатысушылардың өз ойларымен бөлісіп, пікір алмасуына мүмкіндік туды.