Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жаңалықтар > Ризашылық пен алғыс

Ризашылық пен алғыс

1 наурыз — Алғыс айту күні Жұбанов университетінде айрықша аталып өтті. Алғыс айту күнін мерекелеу аясында университеттің  факультеттері мен Жоғары колледжінің  студенттері мен қызметкерлері де шет қалмады.

Алғыс айту күні – қазақстандық патриотизмнің, бірлік пен достықтың жарқын мерекесі.

Мейірімділік, бауырмалдық, жылы сөз, қайырымды іс. «Рақмет» деген қасиетті сөзді жиі айту. Ел бірлігін бекемдеген шараның басты мақсаты  да осы.

Мереке аясында студенттер факультет декандарына, профессор-оқытушылар құрамына, ата-аналарына, достарына алғыс айтты. Сондай-ақ,  мерекеде жиналғандарға дастархан жайылып, концерттік бағдарламалар ұсынылды. Аталмыш оқу ордасында  білім алып жүрген сан ұлт өкілдерінің жүрек жарды лебізін тыңдаған көрермен жоғары бағасын берді.