Среда, Апрель 24, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Жергілікті ұйымдардың жұмысын күшейту керек

Жергілікті ұйымдардың жұмысын күшейту керек

Нұртаза  АБДОЛЛАЕВ,

тарих ғылымдарының докторы, профессор, 

Қ.Жұбанов атындағы  Ақтөбе өңірлік мемлекеттік

университетінің профессоры

Біздің еліміз — Еуразия кеңістігінде ойып орын алатын, аумағы үлкен, экономикалық жағынан қарқынды дамып келе жатқан аймақ. Жас мемлекетіміз әлемдік геосаясаттың өзгерісіне, әлемдік экономиканың өзгерісіне орай  ел ішінде қордаланып қалған кейбір ішкі шаруаларды да дер кезінде  реттеп отырады.  27 ақпанда өткен  «Нұр Отан» партиясының ХVІІІ съезі,  міне, осының айғағы. Бұл жерде  Елбасы  республикалық бюджет шығынының 45 пайызы әлеуметтік салаларға жұмсалатынын белгілеуі — Үкіметтің жұмысының негізгі  бағытын анықтап бергені деп түсіндім.

Екінші мәселе, партияның ХVІІІ съезінде  қаншама аса құнды мақсаттар мен міндеттер белгіленгенімен, «Нұр Отанның» жергілікті  ұйымдары халыққа  қажетті тапсырмаларды қаншалықты орындай алады?  Ол үшін елмен етене жақын болып, халықтың қақ ортасында жүруі керек. Өкінішке қарай, біздің көптеген бастауыш ұйымдар жұрт арасында жүрмейді, халықтың ішіндегі  нақты жағдайдан бейхабар. Меніңше, партияның  бастауыш партия ұйымдарына нақты жұмыс істейтін тындырымды, шаруақор адамдар керек. «Нұр Отанның» мүшесі болу жарна төлеп, анда-санда партия бастауыш ұйымдарының конференциясына қатысу ғана емес қой.

Саяси партияның  ХVІІІ съезінің шешімі нақты, түбегейлі, халықтың ойынан шықты деп ойлаймын. Тек жұмыс істеу керек.