Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жастар саясаты > Жұбанов Университеті шығармашыл жастарға байқау жариялайды

Жұбанов Университеті шығармашыл жастарға байқау жариялайды

Жұбанов Университеті жас таланттарды қолдауға бағытталған және олардың шығармашылық әлеуетін көпшілікке танымал ету үшін мүмкіндіктерге жол ашу мақсатында шығармашылық байқау жариялайды.

Шығармашылық байқауға Ақтөбе облысындағы жоғары оқу орындарының студенттері қатыса алады және бұдан бұрын еш жерде жарияланбаған туындыларын (еркін тақырыпта/ әңгімелер, проза, поэзия) ұсына алады.

Байқауға ұсынылған жұмыстар жанрға сәйкестік, ойлау дербестігі, авторлық ұстаным, баяндау реттілігі мен мағыналылығы, идея ерекшелігі, әдеби-көркем құндылығы, эстетикалық әсер тереңдігі, университеттің қоғамдық, рухани өмірдегі рөлі, көркемдік қиял мен шығармашылық көзқарас бойынша бағаланады.

Шығармалар қазақ және орыс тілдерінде 2017 жылғы 5 қыркүйек пен 4 желтоқсан аралығында қабылданады. Шығармаларды фотосуретіңізбен бірге электронды және қағаз нұсқасында Университеттің Бас ғимаратындағы 102-кабинетке (Маркетинг орталығы) тапсыра аласыздар!

Ең үздік жұмыстар жыл соңында Маркетинг орталығының Баспасөз қызметі комиссиясының отырысында анықталып, салтанатты түрде марапатталады.