Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жаңалықтар > Университет филологтары Масленица мерекесін өткізді

Университет филологтары Масленица мерекесін өткізді

Жұбанов университетінің филологтары көктемнің алғашқы күндерін әдемі және көңілді қарсы алады. Себебі, филология факультетінде жыл сайын дәстүрлі түрде  «Масленица мерекесі» тойланады. Факультеттің орыс бөлімінің студенттері кураторлар Г.Б.Мадиева, Э.Т.Идрисова, В.Ж.Исламғалиева, И.А.Имашеваның жетекшілігімен 4 наурыздан 6 наурызға дейін ашық музыкалық композициялар дайындады.

«Орыс филологиясы және мәдениетаралық коммуникация» кафедрасының оқытушылары университет студенттерімен фойеде көне орыс мерекесін атап өту үшін жиналды.

Шараның мақсаты – филолог студенттерді орыс халқының дәстүрлі әдет-ғұрыптары мен мерекелерімен таныстыру.

Мереке қонақтары көрермендер ғана болып емес, сонымен қатар мерекелік байқауларға да қатысты.

Қонақтар және мерекеге қатысушылар жағымды әсерге бөленіп қана қоймай, орыс халқының  серпілісі мен батылдығын сезінді.

Динара БЕКНИЯЗОВА,

 филология факультеті