Пятница, Март 29, 2024
Басты > Құттықтаулар > Құрметті педагогтар және білім беру саласының қызметкерлері! Қымбатты қыз-келіншектер!

Құрметті педагогтар және білім беру саласының қызметкерлері! Қымбатты қыз-келіншектер!

Сіздерді Халықаралық әйелдер күнiмен құттықтаймын!

Әйелдер ежелден жер бетіндегі тіршіліктің, сұлулық пен ғажайып құбылыстың нышаны, шабыт көзі болып табылады. Сіздердің бойларыңыздағы әсемдік, төзімділік, өмір жолында кездескен қиындықтарды табандылықпен жеңе білу, түсіністік және даналық – уақыт пен дағдарысқа бағынбайтын мәңгілік құндылықтар.

Бүгінде әйелдер еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосуда. Олар білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, ауыл шаруашылығы салаларында, өндірісте, бизнесте, саясатта, ғылымда, спортта және өнерде өздерін жақсы қырынан көрсете білуде.

Ең бастысы, әйелдердің қолында – ел болашағы. Балаға өмір сыйлап және оны тәрбиелеу – бұл ұлы міндет. Мереке қарсаңында Сіздерге және жақындарыңызға мықты денсаулық, отбасылық жетістіктер, шаңырақтарыңызға тыныштық пен жайлылық тілеймін! Сіздердің өмірлеріңіз махаббатпен және адалдықпен көркейсін!

Мереке құтты болсын!

Ақ тілекпен: Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
Күләш Шәмшидинова