Среда, Апрель 24, 2024
Басты > Жаңалықтар > «Lesson-study» тәсілін жүзеге асыру барысымен танысты

«Lesson-study» тәсілін жүзеге асыру барысымен танысты

Жұбанов университетінің Үздіксіз білім беру институтының біліктілікті арттыру орталығы университет оқытушылары үшін «Lesson Study: зерттеу қызметі» тақырыбында университеттік әдістемелік семинар өткізді.
Семинардың мақсаты — жоғары оқу орнының оқытушыларын Lesson-study іс-әрекетінде зерттеу тәсілдерімен таныстыру, оқытушылық қызметте осы тәсілді жүзеге асыру мүмкіндігін анықтау, оқыту практикасында Lesson-study қолдануға ынталандыру.
Әдістемелік семинарды ҚР педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасының тренерлері, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ үздіксіз білім беру институтының біліктілікті арттыру орталығының жетекшісі З.У.Имжарова және педагогика ғылымдарының кандидаты, «Педагогика және психология» кафедрасының доценті А.Қ.Тоғайбаева; жаңартылған білім беру мазмұны бойынша педагогика ғылымдарының кандидаты, «Орыс филологиясы және мәдениетаралық коммуникация» кафедрасының доценті Н.Р.Халимуллина және «Физика» кафедрасының аға оқытушысы, PhD З.К.Аймағанбетова өткізді.
Семинар аясында тыңдаушылар «Іс-әрекетте зерттеу»және «Lesson-study» ұғымдарының мәнімен танысып қана қоймай, сонымен қатар педагогикалық мәселелерді анықтау және зерттеу тақырыптарын қалыптастыру тәсілдерін, әрекеттегі педагогикалық зерттеу әдістерін меңгеріп, Жұбанов университеті студенттерінің педагогикалық тәжірибесінде «Lesson-study» тәсілін жүзеге асыру барысымен танысты. ЖОО-да Lesson-study тәсілін іске асыруды бірлесіп талқылау үрдісі оның жеке оқытушыларды оқыту процесін жетілдіру үшін де, оқытушылар тобының педагогикалық әлеуетін дамыту үшін де, студенттерді оқыту сапасын арттыру үшін де маңыздылығын көрсетті. Семинар тыңдаушылары жоғары оқу орнының оқытушыларынан Lesson-study топтарын ұйымдастыру, осы тәсілді оқыту тәжірибесінде қолдану қажеттілігі туралы қорытынды жасады және «Lesson-study» тәсілін егжей-тегжейлі игеру мақсатында оқытушылар үшін тренингтер өткізу туралы ұсыныспен аяқталды.

Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Динара УНГАРОВА,

Үздіксіз білім беру институтының әдіскері