Суббота, Июль 13, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Студенттер бизнес сауаттылықтарын арттырады

Студенттер бизнес сауаттылықтарын арттырады

Ақтөбелік 40 студент компьютерлік және бизнес сауаттылықтарын арттырады. 3 күн бойы MediaNet халықаралық журналистика орталығы және Конрад Аденауэр атындағы қордың Қазақстандағы өкілдігі жастарға тегін тренинг өткізеді. Конрад Аденауэр атындағы қордың Қазақстандағы өкілдігінің директоры Томас Хельм студенттерге орташа және тереңдетілген деңгейде дуальды білім беру бойынша Германиядағы тәжірибемен бөліседі. Тегін тренинг өткізіп, жастарға бизнес негіздерін үйрету былтыр қолға алынған. Өткен жылы Ақмола, Қостанай, Түркістан және Алматы облыстарының 200-ден көп студенті қатысқан. Қос қордың мақсаты жастарды ауыл шаруашылығы саласына көбірек тарту. Мамандардың сөзінше, биыл 300-ден астам жасты оқыту көзделіп отыр.