Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Рухани жаңғыру аясында жас мамандармен кездесу

Рухани жаңғыру аясында жас мамандармен кездесу

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында 2017 жылдың 7 қыркүйек күні Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік  университетінің ректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Бауыржан Ердембеков университетке жұмысқа қабылданған жас мамандармен кездесу өткізді. Кездесуге жас мамандармен қатар университет проректорлары мен факультет декандары да қатысты.

Кездесу барысында Бауыржан Аманкелдіұлы: «2017-2018 жаңа оқу жылында университет 100-ге тарта жас мамандарды жұмысқа шақырды. Бұл университет тарихында алғаш рет орын алған маңызды қадам. Жаңадан қосылған 100 маман біздің оқу ордамызға жаңа өзгерістер, тың идеялар алып келеді деген сенімдеміз. Сіздердің араларыңызда ғылым кандидаттары, PhD докторлар, магистрлер, бірнеше тілді меңгерген «Болашақ» бағдарламасымен шетелде білімдерін толықтырып келген білімді жастар бар», — деп бастады сөзін.

— Жас мамандарды жұмысқа тартудың маңыздылығы неде? Мағжан Жұмабаев айтқандай, «Мен жастарға сенемін» деген ұранды біз қолға алып, осы мәселелерді қарастырып отырмыз. Рухани жаңғыру мәселесін біз неге қайта-қайта қозғап келеміз. Дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін мәдениетіміз сай келуі керек. Рухани мәдениеттілігімізді көтеруіміз қажет. Жас мамандардың ассоциациясы құрылуы керек»-дей келе, жас мамандарда алдағы уақытта университетте жүзеге асатын іс-шараларға мұрындық болуға, белсенділік танытуға шақырды.

Сонымен қатар, кездесу барысында ғылымды дамыту, тың идеяларды жүзеге асыру, тәртіп, мәдениеттілік, студенттермен байланысты нығайту мәселелері айтылды.