Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жастар саясаты > Дебаттық турнирге дайындық: мектеп мұғалімдері мен студенттерге арналған тренингтер басталды

Дебаттық турнирге дайындық: мектеп мұғалімдері мен студенттерге арналған тренингтер басталды

2017 жылдың 7 қыркүйегінен бастап Қ. Жұбанов атындағы АӨМУ жанындағы Үздіксіз білім беру институты біліктілікті арттыру орталығында мектеп мұғалімдері мен оқу орнының студенттері арасында дебат ойындарының негізгі технологиясы бойынша тренингтер басталды. Тренинг қатысушыларына «Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті дамыту және нығайту» тақырыбы бойынша командаларды дебаттық турнирге дайындау міндеті алда тұр.

Турнир 23 қыркүйекте Қ. Жұбанов атындағы АӨМУ 2-ші корпусында өтеді.

2017 жылдың 12 қыркүйегінде Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-де өткен тренингке қала бойынша 40 мұғалім және тарих және шетел тілдері факультетінен 40-тан астам студенттер, тәжірибелі пікірсайысшылар, дебат клубының мүшелері қатысты.

Студенттерге мектептердегі дебат командаларын дайындауға көмектесу, дебат турнирлерінде әділ-қазы ретінде қатысу, және де студенттер арасындағы жүргізілетін дебаттық турнирлерге өздері де қатысуы сұралады.

Тренинг жаттықтырушы, халықаралық дәрежедегі тренер, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент З. У. Имжарова.