Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Белгілі саясаттанушы жастармен кездесті

Белгілі саясаттанушы жастармен кездесті

Жастар заман ағымынан қалмай, әрдайым өз-өзін дамытып отыруы қажет. Ол үшін барлық жағдай жасалған. Бүгін Жұбанов университетінің студенттері және оқытушыларымен кездескен Ерлан Қарин осылай деді. Жиын «Жастар» сарайында өтті. Келелі кездесуде өрбіген әңгімені Гүлбағда Қайратқызы тарқатып айтып береді. {СЮЖЕТ}

ГҮЛБАҒДА ҚАЙРАТҚЫЗЫ, ТІЛШІ
— Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде бүгінде 13000 студент білім алуда. Бұл жаңартылған «Жастар сарайы» сол студенттер үшін жүзеге асқан, жасалған жаңа, тиімді жобалардың бірі. Олардың шығармашылықпен айналысуына үлкен септігін тигізбек. 

Өйткені, ғимаратта фортепиано, баян, домбыра кластары, Роза Жаманова атындағы хор  кабинеті, Нұрсұлу Тапалова атындағы хореография сыныбы, кино, көрме залдары студенттерге тегін қарастырылған.  Өнерлі жастардың сүйікті орнын аралаған белгілі саясаттанушы Ерлан Қарин «Мәңгілік ел» конференц-залында студенттермен жүздесті. Емен-жарқын әңгімелесіп, білгенін ортаға салды. Оның айтуынша, бүгінде жастарға барлық жағдай бар.

Жастар жылы аясындағы жылы жүздесуде студенттерді  терроризмге қарсы күрес, әлеуметтік желілер мен интернеттің рөлі алаңдатады және «Қазақстан» телерадиокорпорациясының бүгінгі тынысы қызықтырды. Ерлан Қарин әр студенттің сауалына байыппен жауап берді. Екі сағаттан аса созылған басқосуда университет басшысы да мамандық таңдау жайлы өз пікірін білдірді.

Бүгінде Жұбанов университеті студенттердің сапалы білім алуына,  әсіресе, «академиялық ұтқырлық» жобасы аясында шетелдік оқу ордаларына жіберіп, оқытуға, олардың бос уақыттарын тиімді өткізуіне, бір сөзбен айтқанда, заман ағымынан қалмауына үлес қосып келеді. Жоғары оқу орны өз шәкірттерімен әрқашан мақтанады.

Гүлбағда Қайратқызы