Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Ақтөбе облысы әкімі Оңдасын Оразалиннің құттықтауы

Ақтөбе облысы әкімі Оңдасын Оразалиннің құттықтауы

Құрметті ақтөбеліктер!

Баршаңызды ырыс пен берекенің бастауы, Ұлыстың ұлы күні —  Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын қасиетті Наурыз мерекесі елімізге, әрбір отбасына құт-береке, бақ пен молшылық әкелсін!

Кез келген мемлекеттің басты құндылығы — оның Тәуелсіздігі, береке-бірлігі, қоғамдағы бейбітшілігі мен ұлтаралық келісімінде.

Біз үшін Тәуелсіздіктен асқан мұрат, Мәңгілік Елден асқан мақсат жоқ!

Қазақстанның наурыздан-наурызға дейін қол жеткізген табыстары аз емес.

Елбасының сарабдал саясатының арқасында елімізде жыл сайын әлеуметтік салаға көп көңіл бөлініп, зейнетақы мен стипендия, әлеуметтік төлемдердің мөлшері артуда.

Жақында ғана Елбасымыз Н.Назарбаев Nur Otan партиясының XVIII съезінде тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту және қазақстандықтардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған бірқатар шараларды ұсынды. Әлеуметтік жағынан осал топтар мен көпбалалы аналарға қолдау көрсетуге ерекше көңіл бөлінуде.

Бұл әлеу­меттік бастамалар қоға­мымыздың әлеуметтік бірлігін нығайтуға және әрбір қазақ­стандықтың әл-ауқатын ары қа­рай жақсарта түсуге бағыт­талған.

2018 жылы біз облыстың серпінді экономикалық өсімін қамтамасыз ету жөніндегі Елбасының тапсырмасын орындадық.

Барлық ақтөбеліктердің тегеурінді еңбегінің және бірлескен күш-жігерінің арқасында өңірдің серпінді дамуына қол жеткізілді.

Біздің облыс барлық негізгі көрсеткіштер бойынша республикада жетекшілердің бірі болды.

2019 жылға берік негіз қаланды – одан әрі белсенді түрде әлеуметтік-экономикалық және рухани даму үшін барлық жағдай жасауға мүмкіндік жасалды.

Біздің міндетіміз — 2019 жылы ақтөбеліктердің тұрмыс деңгейін жақсарта түсу үшін бұрынғыдан да елеулі күш-жігер жұмсау.

Құтты мекен — Ақтөбе жерінде тоқсаннан астам ұлттың өкілдері тату-тәтті тіршілік кешіп жатыр. Олар туған өлкенің игілігіне адал еңбек етіп қана қоймай, ортақ мерекелерді де бірге атап өтеді.

Сондықтан да, барлығымыз бірігіп, көктем мерекесін бір шаңырақ астында, бір дастарқан басында отырып тойлаймыз, келген қонақ үшін есігіміз әрқашан да ашық.  

Наурыз мерекесі Отанымызға — береке, халқымызға — игілік, әрбір шаңыраққа бақыт пен шаттық әкелсін!

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

 Оңдасын ОРАЗАЛИН, 

облыс әкімі.