Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Мектеп оқушылары арасында пәндік олимпиада өтті

Мектеп оқушылары арасында пәндік олимпиада өтті

Жұбанов университетінің тарих факультетінде мектеп оқушылар арасында «Қазақстан тарихы», «Дүние жүзі тарихы» және «География» пәндері бойынша облыстық олимпиада өтті.

Олимпиадаға облыстың 15 мектебінен 40-тан аса жоғары сынып оқушылары катысты. Олимпиаданың жалпы мақсаты —  мектеп оқушыларын «Тарих» және «География» мамандығына тарту.

Олимпиада екі тур бойынша өткізілді. І тур бойынша студентке таңдаған нұсқадағы тақырып негізінде жазбаша жұмыс міндеттелді, ІІ тур бойынша тест тапсырмалары берілді.

Олимпиада қорытындысы бойынша 11 сынып оқушылары арасында Темірлан Молдтурин («Қазақстан тарихы»), Мөлдір Ермекова («Дүниежүзі тарихы»), Анеля Максутова («География»), Алуа Айдаболова (Қазақстан тарихы,) жеңімпаз атанды.  10 сынып оқушыларынан Дильназ Орынбасарова, Анар Аманғалиева, Эльвира Сағитова, Дильназ Шагирова Алена Галикова, Жанар Қазбекова алға озып шықты.

Жүлдегерлер арасында № 2, №3, №5, №27, №30, №60, №5 мектептері, Сағыз орта мектебі, Аққұдық орта мектебі және Бекмухамбетов атындағы гимназия оқушылары да бар.

Олимпиаданың барысында пән мұғалімдері мектеп оқушыларына жазбаша сұраққа нақты жауап беру дағдыларын жетілдіру, «Отан тарихы және дүние жүзі тарихы» бойынша өзекті мәселелерге көңіл бөлу сынды ұсыныстарын жеткізді.

Тарих факультеті