Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Хабарландырулар > Жаңартылған білім бағдарламасы: қазақ тілі және оны оқыту мәселелері» атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция өтеді

Жаңартылған білім бағдарламасы: қазақ тілі және оны оқыту мәселелері» атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция өтеді

 

Ақпараттық хат

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті 2019 жылдың 19 сəуірінде филология ғылымдарының кандидаты, доцент Н.А.Садуақас пен филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы К.Ə.Қондыбайдың 60 жасқа толу мерейтойына орай «Жаңартылған білім бағдарламасы: қазақ тілі және оны оқыту мәселелері» атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция өткізеді.

Конференция мақсаты: Білім берудің жаңа жүйесі ретінде жаңартылған білім беру бағдарламасының басты ерекшеліктерін зерделеп, оны оқу үдерісінде қолдана білудің тиімді жолдарын қарастыру мақсаты көзделеді.

Конференция аясында пленарлық және секциялық отырыстардан басқа, қазақ тілін оқыту технологиясы мен жаңартылған білім мазмұнының өзекті мәселелеріне байланысты маңызды тақырыптар бойынша пікірталас, осы саладағы жетекші мамандар мен мектеп мұғалімдеріне арналған семинар-тренинг, шеберлік–класстар өткізу жоспарланған.

Конференцияның негізгі бағыттары:

— Жаңартылған білім беру бағдарламасы – ЖОО –дағы білім беру мазмұны;

— Жаңартылған білім беру жағдайында тіл мен әдебиетті оқыту әдістемесі;

— Латын әліпбиі негізіндегі жаңа емле ережелері және оны оқыту мәселелері;

— Жаңартылған білім аясында көп тілді білім берудің теориялық және әдістемелік негіздері;

Конференция жұмысы қазақ, орыс тілдерінде жүргізіледі.

Өткізілу орны: Ақтөбе қаласы, Гришин көшесі, 7а, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің Н.Байғанин атындағы 6-ғимаратының Ө.Нұрғалиев атындағы конференц залы.

Конференцияға қатысу үшін өтінішті және баяндама материалын 2019 жылдың 10 сәуірінен кешіктірмей электронды пошта арқылы жіберу қажет: aktobe.latyn@mail.ru (файл автордың фамилиясымен аталуы тиіс).

Конференция материалдарына қойылатын негізгі талаптар:

Материал толық 5-6 бет көлемінде (беті нөмірленбейді), ашық қалдырылатын жол жиегі барлық жағынан 20 мм (Word мәтіндік редакторда, KZ Times New Roman немесе Times New Roman кеглімен, №12 шрифтімен, 1 интервалмен) терілген болуы керек. Баяндаманың тақырыбы жол ортасына бас әріптермен, 1 интервалдан кейін автор(лар)дың аты-жөн(дер)і, ғылыми дәрежесі, атағы, 1 интервалдан кейін республика, қала, мекеме атауы мен электронды пошта адресі, 2 интервалдан кейін абзац арқылы мәтін жалғасады. Мәтіндегі сілтемелер тік жақшада [1, 33.], әдебиеттер тізімі пайдалану ретімен рәсімделеді. Мәтін бір файлмен PDF форматында жіберіледі, файлдың атауы ретінде қатысушының фамилиясы және қаласының аты көрсетіледі.

Ұйымдастыру алқасы материалдарды сұрыптау мәселесін өзі шешуге құқылы.

Конференцияға ұсынылған баяндамалар мен мақалалардың толық мәтіні интернетке университет сайтына электронды жинақ түрінде салынады. Ұйымдастыру жарнасы – 2000 теңге. Ұйымдастыру жарнасын материалдық жауапты Айтбенбетова Айгул Кадыржановнаға аудару керек. ЖСН: 740525401409, Kaspi GOLD 5169493113229465

Біздің мекен-жайымыз: 030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қаласы, Гришин көшесі, 7а, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің 6-ғимараты (414-бөлме).

Жарияланымға қатысты сұрақтар бойынша мына телефондарға хабарласуға болады: 87017739997, 87711880072 (филология ғылымдарының кандидаты, доцент Айтбенбетова Айгүл Қадыржанқызы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Иманғазина Айгүл Әбидуллақызы).

8 (7132) 53-31- 05 филология факультетінің деканаты.

Өтініш үлгісі

Қатысушының аты-жөні

Ғылыми дәрежесі, атағы

Жұмыс орны

Қызметі

Мекен-жайы

Телефоны, e-mail

Баяндама тақырыбы

Секциясы

Бейнебайланыс түрі

Түбіртек №

Мақаланы рәсімдеу үлгісі:

ТАҚЫРЫБЫ

Тегі, аты-жөні

Ғылыми дәрежесі, атағы

Жұмыс орны, республикасы, қаласы

Электронды поштасы

Мәтін. Мәтін. Мәтін. Мәтін. Мәтін. Мәтін. Мәтін. Мәтін. Мәтін. Мәтін.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.