Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Дөңгелек үстел Ақтөбенің мерейтойына арналды

Дөңгелек үстел Ақтөбенің мерейтойына арналды

Қазақстанда 150 жылдық тарихы бар облыс орталықтары аз. Ақтөбе — еліміздің батыс өңірінде орналасқан, бай тарихы бар қала. Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойына орай, Жұбанов университетінің Бекежан Сүлейменов атындағы оқу ғимаратында «Тарих және дінтану» кафедрасының 6М011400 — «Тарих» мамандығының 1-курс магистранттары «Ақтөбе: ғасырлар биігіне көз салғанда» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелге т.ғ.д., профессор Н.А.Абдолллаев, т.ғ.к., профессор Ж.О.Орамах, «Қоғамдық бақылау» жобасының ұйымдастырушысы, тарих жанашыры К.Н.Ахметов, Жоғары колледж директорының орынбасары Б.Ж.Ақжігітова, кітапхана меңгерушісі Э.Ұ.Абдуллина  және тарих факультетінің профессорлық-оқытушылық құрамы және студенттері қатысты.

Жиынға қатысқан магистранттар Ақтөбе қаласының құрылу тарихы, облысымыздағы өндіріс орындары, білім ошақтары жайында, ашаршылық жылдары, қуғын-сүргін жылдарындағы хал-ахуалы жайлы, діни мәселелері аясындағы тақырыптарында баяндама жасап, пікір алмасты.

Тарих факультеті