Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Актер Асылхан Төлепов Ақтөбеде

Актер Асылхан Төлепов Ақтөбеде

Қалың көрерменге «Сартай батыр» болып танылған актер Асылхан Төлепов Жұбанов университетінің студенттерімен кездесті. Еркін форматта өткен жүздесу «Жастар жылы» және Ақтөбе қаласының 150 жылдығына арналды.

Студенттер үшін ерекеше күн. Бұрын теледидар мен әлеуметтік желілерден ғана көріп жүрген Асылхан Төлеповты жүзбе-жүз көрудің сәті түсті. Мүмкіндікті пайдаланып көкейлерінде жүрген сауалдарына жауап алды.

Қазір Алматы қаласы мәслихатының депутаты болып қоғамдық өмірге белсене араласып жүрген актер Ойыл ауданының Жетікөл ауылында туған. Асылхан Төлепов «Менің балалық шағымның аспаны»фильмінде Ғалидің, «Жау жүрек мың бала» тарихи туындысында басты рөлді сомдады. «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты және «Өнер барысы» республикалық мега-жобасының жеңімпазы. Ол осы шарада ақтөбелік жастарға өз кәсібі туралы әңгімеледі. Жастар жылы туралы ой бөлісті.

Ерлан Мұқан