Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Білім > Жас зерттеушілерге арналған ғылыми конференция

Жас зерттеушілерге арналған ғылыми конференция

Жұбанов университетінің «География және туризм» кафедрасының және Қалалық жас туристер стансасының ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойы мен «Жастар жылы» аясында «Арайлы Ақтөбе – туған өлкем!» облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

8-10 класс аралығындағы мектеп оқушыларына және қосымша білім беру ұйымдарының білім алушыларына арналған ғылыми шараның мақсаты — оқушыларды патриоттыққа, отансүйгіштікке  тәрбиелеу, туристік-өлкетану белсенділіктерін арттыру және ғылыми-зерттеу жұмыстары  арқылы ізденімпаздыққа баулу.

Конференцияға қатысушылар «Өлкетану, экология және туризм» бағыттары бойынша жұмыстарын ұсынды.

Конференция ұйымдастырушысы, тарих ғылымдарының кандидаты Айдын Абденов: «Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойына және «Жастар жылына» арналған облыстық ғылыми-тәжірибелік конференцияға Ақтөбе өңірінен 60-қа жуық жас зерттеушілерден өтініштер келді.

Конференция барысында қатысушылар өлкетану, туған өлкенің тарихы мен туризімі саласындағы өзекті әрі қызықты тақырыптар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын қорғады. Әсіресе «Шежіре тұнған — құт мекен» бағыты бойынша туризмнің бұқаралық түрлерінің дамуы, туристік жорықтардың денсаулыққа ықпалын зерттеу мен қатар туған өлке бойынша жаңа туристік маршруттардың рөлі төңірегінде ақпараттарын ұсынды. Облыстық конференция соңында үздік жобалар ұсынып, үздік нәтиже көрсеткен жас ғалымдарды марапатталды. Айта кетейін, бұл конференция кафедрамыздың филиалы, практика базасы Қалалық жас туристер стансасымен бірге жүзеге асырылды», —  деді.

Облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция қорытындысында жеңімпаздар Жұбанов университетінің дипломдарымен, мақтау қағаздарымен марапатталды.  Сондай-ақ, жүлделі орындарға ие болған жас зерттеушілерге дипломдар мен арнайы сыйақылар табысталды.

 

Ғылыми шара қорытындысы төмендегідей:

І. «Өлкетану, экология және туризм бағыты» бойынша:

  1. Туған өлке — тұнған тарих

І орын – Дархан Ерболат;

ІІ орын – Жұлдыз Сүйінішқали;

Алихан Албеков;

Аружан Амангелді.

ІІІ орын – Нұрарай Марат;

Айдана Қайырбек;

Асылзат Баймұрат, Ербақыт Мұхамбетжанов.

 

  1. Тылсым табиғат

І орын – Хайырхафиз Бакыткерей, Айнұр Дүйсенбаева;

ІІ орын – Құттығұл Дильназ;

Нукеева Аиша;

ІІІ орын – Альвина Зарипова.

 

  1. Шежіре тұнған — құт мекен

І орын – Сыраж  Ринат;

ІІ орын – Дильназ Жеңісова; Луиза Тагбергенова;

ІІІ орын — Сабина Абситова, Роза Ахметова.

 

ІІ. «Туған өлке соқпақтары» бағыты

 

І орын – Жансая Мамбетова, Дамир Көшетер;

ІІ орын – Аруана Ибраева, Томирис Жиенбаева;

ІІІ орын – Айзере Зейноллаева, Аида Зейноллаева;

Зарина Жетпісова, Амина Шугаева;

Нұрхаят Рахатова, Гулнара Нұрлыбай.