Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жастар саясаты > Кіші футбол лигасының негізін қалаушы «Үздік студент» атағына ие болды

Кіші футбол лигасының негізін қалаушы «Үздік студент» атағына ие болды

Бүгін Жұбанов университетінің ректоры Бауыржан Ердембеков «Үздік студент» медалін салтанатты түрде Экономика және құқық факультетінің 4-курс студенті Әлихан Кенжеғалиевке табыстады.

Бүгінгі күні E-League жобасы бүкіл университеттің деңгейінде жұмыс істейтін жоба. Университеттің тарихында тұңғыш рет өткен  кіші футбол лигасына  факультеттер мен магистранттар командасынан жиналды.

Университеттің  Экономика және құқық факультетінің базасында өткен ойынның 4-турында  командалар  жарысқа түсті.

Кіші футбол лигасы студенттер арасында спорттық шеберлікті арттыру және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында өткізілді.

Университет студенті Алиханды жеткен жетістігімен құттықтап, ойыншыларға сәттілік тілейміз!