Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жастар саясаты > Қырғызстан Республикасынан студенттер келді

Қырғызстан Республикасынан студенттер келді

Жұбанов Университеті мен Қырғызстан Республикасы Ош мемлекеттік университеті арасында студент алмасу бағдарламасына орай 2017 – 2018 оқу жылында халықаралық академиялық ұтқырлық жүзеге асырылды. Ош мемлекеттік университетінің екі студенті «Аударма ісі» мамандығы бойынша 1 семестр оқу мерзімі бойынша  білімін толықтыру үшін университетімізге келді.

Келесі семестрде Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің «Физика», «Математика», «Информатика», «Биология», «Химия» мамандықтары бойынша студенттерді Ош мемлекеттік университетіне оқуға жіберу жоспарланып отыр.