Ақтөбе қаласында наурыз айының соңғы күндері өткен Самбо күресінен 2001-2002 жылдары туған жасөспірім ұл-қыздар арасында Ақтөбе чемпионатында 70 кг салмақта Жұбанов университетінің Жоғары колледжінің «Дене шынықтыру» мамандығының 1-курс студенті Дәулет Орынбаев І орынға ие болды.
Сондай-ақ, Ақтөбе қаласында Әмбебеп жекпе-жектен жасөспірімдер мен ересектер арасында 65 кг салмақ дәрежесінде Жұбанов университетінің Жоғары колледжінің «Дене шынықтыру» мамандығының 1-курс студенті Мұхтар Сәрсенғали І орынды иеленіп, олжалы оралды.
Құттықтаймыз!