Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жастар саясаты > Университет студенті жеңіспен оралды

Университет студенті жеңіспен оралды

Қостанай қаласында Қазақ күресінен Қазақстан Республикасының чемпионатының жеңімпаздары анықталды.

Қазақ күресінен 1999-2001 жылы туған  жастар (жігіттер және қыздар) арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионаты өз мәресіне жетті. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған ең мықты балуандар бозкілемде барын салып, өзара мықтыны анықтады. Жарысқа 18 өңірден 385 спортшы қатысқан.

Чемпионатта Жұбанов университетінің Физика-математика факультетінің «Ақпараттық жүйелер» мамандығының студенті Дамир Руменов  1 орынға ие болды.

Құттықтаймыз!